Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
КГУ "АППАРАТ АКИМА МИРНОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА ЖАМБЫЛСКОГО РАЙОНА СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ"


8 (7172) 987-654, 98-76-54

Пресс – релиз

     «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/8 «2023-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


       Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодекстің 104,106, 109-1 бабтарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына негізделген болып келеді.
       Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты - мемлекеттік органдардың және ведомствоға қарасты олардың мекемелерінің міндеттерін жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын орындалуын қаржылай қамтамасыз ету.
       Мирный ауылдық округі бюджеттің нақтылау көздері:
Аудандық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады;
      2023 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерілсін 835,0 мың теңге;
      Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкелмейді.
      Шешім жобасы ашық НҚА бөлігіндегі «Электрондық Үкімет» парталына орналастырылды.


Пікір жоқ
24 қаралды
Авторы: zhakashev.alimzhan
Қосылды: 26.09.2023 в 10:17

Choose Color